Өкілетті орган туралы

«PSA» ЖШС 2010 жылғы маусымда құрылды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «PSA» ЖШС құрылтайшысы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шартқа сәйкес «PSA» ЖШС жарғылық капиталына 100%  қатысу үлесін Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне сенімгерлік басқаруға берді. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің құқықтық мұрагері болып табылады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі берген сенімхаттар негізінде «PSA» ЖШС 2010 жылдан бастап 2016 жылғы 20 маусымға дейін Солтүстік Каспий және Қарашығанақ  жобалары бойынша өнімді бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган функцияларын жүзеге асырды. 2016 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 355 қаулысы негізінде «PSA» ЖШС өкілетті орган функцияларын жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі берген сенімхатқа сәйкес «PSA»  ЖШС-ға 1994 жылғы 01 мамырдағы «Доңға» кен орны өнімін бөлу туралы шарттың шеңберінде қазақ тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан өкілдік етуге құқық берілген.