• 17 Марта 2021

«PSA» ЖШС компаниясының өкілдері бизнес қауымдастығымен кездесті

2021 жылғы 17 наурызда Қашаған, Қарашығанақ және Доңға кен орындарының өнімін бөлу туралы келісімдердегі өкілетті орган «PSA» ЖШС компаниясының өкілдері бизнес қауымдастығымен кездесті.

Кездесуге жүзден аса компанияның өкілдері қатысты. «PSA» ЖШС делегациясын бас директордың келісімшарттар, орындау және МОШ ревизиясы жөніндегі орынбасары Әлібек Жамауов басқарып келді.

Кездесу барысында мердігерлік компаниялардың жарғылық капиталында қазақстандық үлестің болуы, сатып алуды тек қазақстандық компаниялардың арасында ғана өткізу, қазақстандық кәсіпорындарға 10% шартты жеңілдік беру бойынша талаптарды жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Petrofac» компаниясының су тазарту жүйесін салу жобасында қазақстандық қамту бойынша талаптарды бақылауды күшейту мәселелері де қаралды.

Бизнес қауымдастығына «PSA» ЖШС сатып алу әдіснамасы және жергілікті қамтуды дамыту департаментінің жаңа директоры таныстырылды.

Сонымен қатар метал құрастырылымдар бойынша тапсырыстарды шетелдік зауыттарға жолдамай, қазақстандық зауыттарға беру мәселесі де талқыланды.

НКОК Н.В. және КПО Б.В. компанияларының электрондық сатып алу рәсімдерге көшуі және осы жұмыстарға қазақстанды ІТ-компанияларды тарту мәселесі жеке қаралды.