Өкілетті орган тарихы

1997

1997 жылдың соңында Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (СК ӨБК) мен Қарашығанақ жобасы бойынша өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге (ӨБТК) қол қойылған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес «Қазақойл» ЖАҚ өкілетті орган болып белгіленді.

2001

2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі СК ӨБК мен ӨБТК-де мемлекет мүддесін білдіру жөніндегі өкілетті орган болып белгіленді.

2002

2002 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Қазақойл» ҰМК АҚ пен «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК АҚ-тың бірігуі арқылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрылып, оған Өкілетті орган функциялары берілді.

2010

2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес өкілетті орган функциялары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тан Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне берілді.

2010 жылы мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шартқа сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «PSA» ЖШС жарғылық капиталына 100% қатысу үлесін Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне (қайта құрудан кейін – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі) сенімгерлік басқаруға берді.

2014

2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес өкілетті орган функциялары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне берілді.

2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 355 қаулысымен «PSA» ЖШС өнім бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган ретінде белгіленді.

2022

2022 жылғы 09 желтоқсандағы Қатысу үлесін сатып алу-сату шартына сәйкес «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры «PSA» ЖШС Жалғыз қатысушысы болып танылды. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шартқа № 2 Қосымша келісімге сәйкес «PSA» ЖШС Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сенімгерлік басқаруында.