«Доңға» кен орны
«Доңға» жобасы Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан. Кен орнының геологиялық қоры 106 млн. тонна мұнай мен 6 млрд. текше метр газды құрайды. Кен орны 1966 жылы ашылды.
«Доңға» жобасы «Оман Ойл Компании Лимитед» компаниясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған 1994 жылғы 1 мамырдағы өнімді бөлу туралы шарттың (ӨБШ) шеңберінде іске асырылады.
Қазіргі уақытта жобаның қатысушылары бірлесіп Контрактор деп аталатын «Total E & P Dunga GmbH» (60%), «Oman Oil Company Limited» (20%) және «Partex Kazakhstan Corporation» (20%) компаниялары болып табылады. «Total E & P Dunga GmbH» компаниясы жобаның операторы болып табылады.
Игеру кезеңдері
«Доңға» кен орны 2000 жылы сынамалап пайдалануға берілді. 2004-2006 жылдар аралығында кен орнында көлденең және тік ұңғымалар бұрғыланып, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасы іске асырылды.
2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Доңға» кен орнында толыққанды игеру кезеңі жүзеге асырылып жатыр.
Жобаны іске асыру басталғаннан бері мемлекеттік бюджетке түскен түсім 308 млн. АҚШ долларын құрады.
Доңға жобасы бойынша өндірістік бағдарлама
Қазіргі уақытта Доңға жобасында ІІ кезең бағдарламасы бойынша игеру кезеңі іске асырылып жатыр.
Осы бағдаралама шеңберінде Контрактор 171 ұңғыма бұрғылап, қолданыстағы нысандарды жаңғыртты, сондай-ақ кен орнының тиісті инфрақұрылымымен бірге жаңа өндірістік учаскелерді іске қосты, оның ішінде:
- тоғыту қорына ауыстырылған 25 ұңғыманы қоса алғанда, 109 өндіру ұңғымасы пайдалануға берілді;
- жаңа теңіз су жинау стансасы салынып, іске қосылды;
- қолданыстағы орталық жинау бекетінің (бұдан әрі – ОЖБ) өткізу қабілеті кеңейтілді;
- параллельді өткізілген тоғыту суаққылары бар 6 мұнай жинау желісі салынып, іске қосылды;
- мұнай жинау желілерінің әрқайсысынан қырғыш қабылдайтын камерасы бар PST-01 учаске іске қосылды және ОЖБ-ге дейін құбыр эстакадасы салынды;
- PST-01 учаскесінде 4х5000м3 мұнай сақтауға арналған жаңа қойма паркі, парафин бөлу ыдыстары, алау айырғышы, химреагенттер блогі мен құрғату ыдыстары салынды;
- ілеспелі қосалқы ғимараттар мен құрылыстар (әкімшілік ғимарат, шеберханалар, өрт сөндіру депосы, тұрмыстық корпус және басқалар) салынып, іске қосылды.
2019 жылға 640 мың тонна мұнай және 61,3 млн. текше метр газ өндіру жоспарланды.
2018 жылы 708 мың тонна мұнай және 56,8 млн. текше метр газ өндірілді.
Жергілікті қамту
Қазақ тарапы ӨБШ ережелері мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің үлесін арттыру арқылы жергілікті қамту үлесінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етеді. ӨБШ шарттарын іске асыру және қазақстандық өндірушілерді қолдау мақсатында Контрактор Тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамтуды дамытудың 2018-2020жж. арналған бағдарламасын әзірлеп, бекітті.
Кадрдағы жергілікті қамтуды арттыру
Жоба контракторы ӨБШ ережелері мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің үлесін арттыру арқылы жергілікті қамту үлесінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етеді. ӨБШ шарттарын іске асыру және қазақстандық өндірушілерді қолдау мақсатында Контрактор Тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамтуды дамытудың 2018-2020жж. арналған бағдарламасын әзірлеп, бекітті.
2019 жылы өз қажеттіліктері туралы хабардар ету мақсатында жеткізушілер мен өндірушілер үшін ашық есік күні өткізілді.
2019 жылы Доңға кен орны өнімін бөлу туралы шарт 2024 жылдан бастап 2039 жылға дейін 15 жылға ұзартылды, бұл қосымша 9 миллион тонна мұнай өндіруге мүмкіндік береді.
2019 жылы Тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамтуды дамытудың деңгейі 51% құрады.
Әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар
ӨБШ шарттарына сәйкес Контрвактор Маңғыстау облысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды (ӘИЖ) іске асыруға қаражат бөліп отырады. 2018 жылы ӘИЖ іске асыру бойынша шығындар 100 мың АҚШ долларын құрады. 2010-2018 жылдар аралығында барлығы 13 млн. АҚШ долларынан астам қаражат бөлінді және 2,8 млн. АҚШ долларына жобалар іске асырылды.