Қарашығанақ
Батыс Қазақстан облысында орналасқан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны дүниежүзіндегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі болып табылады, бастапқы геологиялық қоры 1,7 млрд. тонна сұйық көмірсутектер мен 1,7 трлн. текше метр газды құрайды. Кен орны 1979 жылы ашылды, 1984 жылы кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру басталды.
Қарашығанақ жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі (ҚР) және Бритиш Газ (Шелл) (қатысу үлесі 29,25%), ENI (29,25%), Шеврон (18%), Лукойл (13,5%) компанияларының альянсы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (10% қатысу үлесі) арасында жасалған Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (ӨБТК) шеңберінде іске асырылады. Келісімге 1997 жылғы 18 қарашада 40 жыл мерзімге қол қойылды және ол 1998 жылғы 27 қаңтарда күшіне енді. ӨБТК шарттары бойынша Бритиш Газ және Аджип компаниялары жобаның бірыңғай операторы болып табылады.
Қазіргі жағдай
Қазіргі уақытта жобада 2М кезеңнің кәсіпшілік қызмет көрсету сатысы іске асырылып жатыр. Ол 2-кезеңде қол жеткізілген жыл сайынғы 12 – 12,5 млн. тоннаға жуық сұйық көмірсутек (СК, тұрақсыз баламасы) пен 17,5 – 18,5 млрд. текше метр газ өндіру көлемін ұстап тұрумен сипатталады. Өндірілетін сұйық көмірсутектің негізгі бөлігі КҚК құбыр жүйесі арқылы экспортқа жіберіледі. Қарашығанақ мұнайының аздаған бөлігі «Атырау-Самара» құбыры арқылы сатылады. Сонымен қатар тұрақсыз конденсаттың елеусіз көлемі «Конденсат» АҚ аз тонналы қондырғысына жеткізіледі.
2018 жылы Қарашығанақта 12,2 млн. тонна СК, 18,5 млрд. текше метр газ өндірілді, жер қабатына газ айдау көлемі 8,4 млрд. текше метрді құрады.
Жоба іске асырыла бастағаннан бері 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасының бюджетіне салық және басқа да міндетті түсімдер түрінде шамамен 19,5 млрд. доллар, пайда әкелетін шикізаттағы Қазақстан Республикасының үлесі түрінде шамамен 13,1 млрд. доллар түсті.
Өндіру деңгейін ұзарту жобалары
Кен орнында көмірсутек шығарылып, қабаттық қысым төмендей бастағаннан бері өндірістік көрсеткіштерде газ факторы арта бастағанын атап өту қажет.
Сұйық көмірсутекті өндіру сөресін қол жеткізілген деңгейде ұстап тұру мақсатында:
- газды қайта өңдеу мен кәдеге жарату жөніндегі қуаттарды арттыруға бағытталған бірқатар қысқамерзімді және ұзақмерзімді шаралар көзделді (ҚӨК газ бойынша өндірістік шектеулерін алып тастау, 5-магистральды құбыр және 3-тоғыту ұңғымасы, 4-газды кері айдау компресоры);
- бұрғылау бағдарламасы, газ факторы төмен ұңғымаларда өндіруді арттыру мақсатында қолданыстағы ұңғыма қорында ұңғыма жөндеу жұмыстары мен арнайы жерасты операциялары.
ҚӨК (ГӨША) газ бойынша шектеулерін алып тастау жобасы
ҚӨК газ өңдеу жөніндегі қуатты қосымша 4 млрд. м3/жыл мөлшерде арттыруға бағытталған.
Мәртебесі – ӨО мен мердігер арасында Санкциялау туралы келісімге қол қойылды.
Іске асыру мерзімі – 2018 – 2021 жылдар.
4-газды кері айдау компресоры (ГКАК) жобасы
Сұйыққоймаға кері айдалатын газдың тәуліктік орташа көлемін арттыру есебінен қосымша сұйық КС шығаруды қамтамасыз етеді.
Мәртебесі – іске асырылып жатыр. ӨО мен мердігер арасында Санкциялау туралы келісімге қол қойылды.
Іске асыру мерзімі – 2018 – 2021 жылдар.
5-кәсіпшілікішілік құбыр мен 3 ұңғыма
Жоба қабатқа айдалатын газдың жылдық тәуліктік орташа көлемін барынша арттыру арқылы бүкіл кен орны бойынша шығарылатын көмірсутектің көлемін арттыру міндетін қойып отыр.
Мәртебесі – іске асырылып жатыр.
Іске асыру мерзімі: 2018 – 2020 жылдар.
Қарашығанақты кеңейту жобасы (ҚКЖ)
Жоба шикі газды дайындау мен қабатқа кері айдау жөніндегі қуатты арттыруды көздейді, бұл Қарашығанақ кен орнында өндіру сөресін қол жеткізілген деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Мәртебесі – жоба базалық жобалау сатысында.
Көзделген пайдалануға қосу мерзімі – 2023-2025 жж.
КПО өндірістік бағдарламасы
2019 жылғы қыркүйек-қазанда кен орнында ЖАЖ жүргізу жоспарлануына байланысты СК өндіру 10,9 млн. тонна құрайды. 18,5 млрд. текше метр көлемінде газ өндіру жоспарланып отыр, газды қабатқа кері айдау 9,1 млрд. текше метрді құрайды.
Жергілікті қамту
Өкілетті орган жобада жергілікті қамтуды дамытуға ерекше назар аударады. Жергілікті қамту үлесін ұлғайту мақсатында Оператор жергілікті қамтуды дамытудың 2018-2019 жылдарға арналған бағдарламасын әзірледі. Өкілетті органның бастамасы бойынша жергілікті қамтуды дамыту мақсатында оператор мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізді:
«ерте» тендер тетігі іске асырылып жатыр,
«Ерте» тендер тетігі іске асырылып жатыр, ол Қазақстан Республикасының аумағында өндірісті қалыптастыру шартымен мерзімін кейінге шегере отырып өнім жеткізу жөнінде шарт жасасуды көздейді;
Үкімет тапсырмасына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығымен Мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылды:
Жоба операторлары сатып алған тауар өнімі номенклатурасына талдау жүргізілді және оның нәтижесі негізінде жұмыс істеп тұрған мұнай-газ машиналарын жасау кәсіпорындарының қолданыстағы өндірісін жаңғырту немесе жаңа өндіріс құру үшін қажет тауарлар тізбесі жасалды;
Ірі операторлардың техникалық және сапалық талаптарына сәйкес тауар шығаруға мүдделі отандық тауар өндірушілердің тізбесі белгіленді.
Түпнұсқалық жабдықты өндірушілерден тауар сатып алған кезде жергілікті қамтудың үлесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС және операторлар - КПО мен НКОК арасында «PSA» ЖШС әзірлеген Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Осы жұмысты іске асыру мақсатында ҚР Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, КПО, НКОК, ТШО, «Атамекен» ҰКП, KAZENERGY қауымдастығы, Қазақстан машина жасаушылар одағы, KazService және ОЕМ өндірушілер өкілдерінің қатысуымен «ОЕМ тауарлары өндірісін жергіліктілендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
ҚР мұнай-газ машиналарын жасауды дамытудың 2019-2025 жж. арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді.
2019 жыл үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың деңгейі 57 % құрады.
Қазақстандық жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дамыту мақсатында КПО компаниясы түрлі тренингтер мен бизнес-семинарлар өткізеді.
2011 – 2019 жылдар аралығында ISO мен OHSAS18001 басқару жүйелерін, техникалық стандарттары мен сертификаттауды енгізу бағдарламасы бойынша 45 компания, ІРМА бойынша 55 компания, ASME бойынша (АГС, ПЗТМ) бойынша 5 компания оқудан өтті.
Кадрдағы жергілікті қамтуды арттыру
2019 жылдың соңында кадрдағы жергілікті қамтудың деңгейі 92% құрады.
Кадрдағы жергілікті қамтуды арттыру және шетелдік мамандарды алмастыру бойынша қойылған мітндеттерге қол жеткізу үшін оператор Кадрдағы жергілікті қамтуды арттырудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеп жатыр.
2019 жылдың соңында персоналдың жалпы саны 4048 адамды құрады, оның ішінде 3674 адам жергілікті мамандар.
2018 және 2019 жылдарда шетелдік қызметкерлер атқарған 23 лауазым ұлттандырылды.
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар
ӘИЖ іске асырылған бүкіл уақыт ішінде Батыс Қазақстан облысында 145 жоба, оның ішінде 35 жалпы білім беру нысаны, 14 денсаулық сақтау нысаны, 82 инфрақұрылымдық жоба және 14 мәдениет және спорт нысаны бойынша жобалар іске асырылды.
2018-2019 жылдарда 34 жоба, оның ішінде Депо көпірін қоса алғанда 27 инфрақұрылымдық жоба (жолдарды және сыртқы жарықтандыруды жөндеу) іске асырылды. Бұдан басқа білім және спорт саласында екі жобадан және 3 жобалық жұмыс іске асырылды.
Қазіргі уақытта: Орал қаласында мектеп және мәтениет сарайын салу. Жәнібек және Жаңақала ауылдарында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, Орал қаласында жол өткелі мен әуе жайды, Ә. Молдағұлова және Есенжанов атындағы көшелерде автокөлік жолдарын қайта құру, Белес ауылына баратын жолды күрделі жөндеу және салу бойынша 10 ірі жоба іске асырылып жатыр.