Қисметов Нұржан Жұмабайұлы
Бас директордың келісімшарттар және сату жөніндегі орынбасары1980 жылғы 13 тамызда туған
Білімi
Қисметов Нұржан Жұмабайұлының жоғары және жоғарыдан кейінгі білімі бар. Атырау мұнай және газ институтын, сондай-ақ МАБ және UCL магистратурасын МВА және жобалардың стратегиялық менеджменті бағдарламалары бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі
Еңбек жолын 2003 жылы PFD International компаниясында инженер лауазымынан бастады.
2006-2008 жылдар аралығында Аджип ККО компаниясында әртүрлі лауазымдарды атқарды, оның ішінде жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі кеңесші болды.
Одан кейін 2008-2010 жылдарда Ұлыбританияның Лондон қаласында LLOYD’S Register O&G және Shell Kashagan Development BV компанияларында жұмыс істеді.
2010 жылдан бастап «PSA» ЖШС-да әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2020-2023 жылдар аралығында Қашағанда, Атырау қаласында ӨОТТ басшысы болды.
2023 ж. 01.07 бастап «PSA» ЖШС бас директорының келісімшарттар, сату және МОШ ревизиясы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды