• 05.12.2023

Мұнайдағы Қазақстан Республикасының үлесін сатып алушыны белгілеу бойынша тендер өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті мырзалар!

«PSA» ЖШС 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) бойынша Қазақстан Республикасының мүддесінде әрекет ететін Өкілетті орган болып табылады.  
Келісімге және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес біздің компания Қашаған кен орнында өндірілетін мұнайдағы Қазақстан Республикасының үлесін мемлекет атынан алушы болып табылады.
Сатып алу-сату шартының қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты «PSA» ЖШС жеткізуді 2024 жылғы бастау үшін Қазақстан Республикасының Қашаған кен орнында өндірілетін мұнайдағы үлесін сатып алушыны таңдау бойынша тендер (бұдан әрі – Тендер) өткізуді жоспарлап отыр.
Жоспарланған сату көлемі:
шарттың қолданылу мерзіміне шамамен 720 мың тонна;
Кен орнында көмірсутектерді өндіру деңгейіне байланысты көлемдер түзетілуі мүмкін.
Жеткізу мерзімі: мұнай сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 жыл.
Жеткізу базисі:
Халықаралық Сауда Палатасының редакциясындағы «Инкотермс-2010»  сәйкес КҚК  FOB терминалы (Новороссийск қ., Южная Озереевка портындағы «КҚК-Р» АҚ  теңіз терминалы)
Баға формуласы*: P = B + S – D + Х
мұндағы:
P – шикі мұнайға мәміле (сату) бағасы;
В – 5 (бес) белгіленім күндерінде Platt’s Crude Oil Marketwire ақпарат көзінде жарияланған Brent (Dated) орташа белгіленімдерінің орташа мәні;
S – спрэд (CPC Blend CIF жолындағы Spread vs Fwd Dated Brent);
D – дифференциал;
Х – баға формуласына сыйлықақы.
* Анағұрлым егжей-тегжейлі формула Тендерге шақыруда көрсетіледі.
Мүдделілік жағдайында келесі кезеңге – Тендер өткізуге жіберу үшін 2023 жылғы 25 желтоқсанда Астана қ. уақыты бойынша сағат 09-00 дейін мерзімде ынтымақтастық туралы растауды marketing@psa.kz пошта мекенжайына жіберуді, сондай-ақ мынадай ақпарат пен құжаттарды ұсынуды сұраймыз:
1)    жарғы немесе құрылтай шартының көшірмесі (болған жағдайда);
2)    компанияны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3)  алдыңғы қаржы жылы үшін аудиттелген қаржы есептілігінің көшірмесі немесе ресми ақпарат көзіне сілтеме (алдыңғы қаржы жылы үшін аудиттелген қаржы есептілігі қолданыстағы заңнамада көзделген себептер бойынша  болмаған жағдайда, алдыңғы жылдың алдындағы қаржы жылы үшін есепті ұсынуға болады);
4) компанияда тиісті коммерциялық тәжірибенің, мүмкіндіктер мен қызмет нәтижесінің болуын растау (шикі мұнай сатып алу-сату шартының көшірмесі немесе растау хат немесе қазақстандық шикі мұнай сатушылармен жұмыс тәжірибесін, КҚК терминалдарынан шикі мұнай сатып алу тәжірибесін растайтын басқа құжат);
5) компанияда бір кемеге екі және одан да көп сатушылардың өнімін бірге тиеу мүмкіндігінің болуын растау (мұнай сатып алу-сату шартының көшірмесі немесе сату пунктінде бірлесіп тиеп жөнелту туралы келісім немесе растау хат, Серіктестіктің көлемдерімен бірге тиіеп жөнелтуді жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын басқа құжат).