• 24 Декабря 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН «PSA» ЖШС ЖЕТІ ӨКІЛІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ


2020 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы «PSA» ЖШС кеңсесінде болып, Серіктестіктің бүкіл ұжымының жұмысына баға беріп өтті.

2020 жылғы желтоқсанда Қарашығанақ жобасы бойынша халықаралық төреліктің шеңберінде мердігермен жүргізілген Объективтілік индексі жөніндегі  алты жылдық келіссөздер аяқталды. Жүргізілген жұмыс мұнай-газ саласындағы шетелдік инвесторлармен өзара қарым-қатынастарда зор стратегиялық маңызға ие. Осы реттеудің қазіргі күрделі кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасына қаржылық әсерін атап өту қажет.

Дауды реттеу нәтижесінде Қазақстан шамамен 1.3 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы алды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының үлесін есептеу әдіснамасын түзету есебінен 2021 жылдан бастап жарты миллиард АҚШ долларына жуық қосымша ақшалай түсім түседі деп күтіліп отыр. Министрлікпен бірлесіп жүргізілген ынтымақты жұмыстың нәтижесінде Республикаға әкелінген жиынтық пайда шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Бұдан басқа ҚКЖ-1А жобасы бойынша өндіру деңгейін жылына 10-11 млн. тонна шамасында ұстап тұруға мүмкіндік беретін инвестициялық шешім туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 Энергетика министрі Серіктестіктің келіссөздер тобы мен осы келіссөздерге атсалысқан Серіктестіктің барша қызметкерлерінің алты жыл ішіндегі қажырлы еңбегі мен елеулі жетістіктерін атап өтті.

Әріптестерге салтанатты түрде алғыс хаттар мен мемлекеттік медаль табысталды.