• 07.06.2023

ҚАРАШЫҒАНАҚ ГАЗЫ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

Соңғы уақытта баспасөз құралдарында Қарашығанақ газын «Нострум» («Жайықмұнай») күшімен өңдеу мүмкіндіктері талқыланып жүр.

Республика, Өкілетті орган («PSA» ЖШС) және Қарашығанақ жобасының Мердігері Nostrum компаниясының нұсқасын бірқатар себептермен қарастырмай отырғанын атап өткен жөн, атап айтқанда:

− газды кен орнынан өңдеу қуаттарына дейін тасымалдау мәселесінде айқындық жоқ;

-   күкіртті газды өңдеу мақсатымен Nostrum өндірістік нысандарын жаңғырту үшін ауқымды инвестициялар қажет;

-   кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақсыз және т.б.

Осылайша бұл нұсқа техникалық, коммерциялық және құқықтық тұрғыдан орынсыз болып табылады.

Осыған орай қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазақГаз» ҰК» АҚ Өкілетті органмен және Қарашығанақ жобасының Мердігерімен бірлесіп, ішкі нарыққа жеткізу үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту мақсатында Газ стратегиясы бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтеміз.