• 09.06.2025

«PSA» ЖШС 2025-2027 жылдар үшін жеке қаржы есептілігіне аудит жүргізу бойынша аудиторлық қызметтерді көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін жүргізу туралы хабарландыру

Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Z05T1D8, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 үй мекенжайы бойынша орналасқан «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Электрондық адресі: info@psa.kz

«PSA» ЖШС 2022 жылғы 03 наурыздағы № 193 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының елу және одан көп проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес 2025-2027 жылдар үшін жеке қаржы есептілігіне аудит жүргізу бойынша аудиторлық қызметтерді көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін жүргізетіні туралы хабарлайды.

Аудиторлық ұйымның көрсетілетін қызметтерін сатып алуға бөлінген сома ҚҚС ескермегенде 38 900 000 (отыз сегіз миллион тоғыз жүз мың) теңгені құрайды, оның ішінде:

  • 2025 жыл - ҚҚС ескермегенде 12 400 000 (он екі миллион төрт жүз мың) теңге;

  • 2026 жыл - ҚҚС ескермегенде 13 000 000 (он үш миллион) теңге;

  • 2027 жыл - ҚҚС ескермегенде 13 500 000 (он үш миллион бес жүз мың) теңге.

Қызметтерді көрсету орны – Қазақстан Республикасы, Астана қаласы.

Сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі, саны, егжей-тегжейлі ерекшеліктері және қызмет көрсету мерзімі аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салуда (бұдан әрі - Қатысуға сұрау салу) көрсетілген. Әлеуетті қатысушылардың уәкілетті өкілдері Қатысуға сұрау салудың көшірмесін Құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Z05T1D8, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 үй, 0812-бөлме мекенжайы бойынша ала алады, телефон номері 79-89-90.

Әлеуетті қатысушылардан қызмет көрсетуге ресми конкурстық ұсыныстар 2025 ж. 10.06. бастап 2025 ж. 19.06. «18» сағат «00» минутқа дейін мерзімде және Қатысуға сұрау салуда көрсетілген талаптарға сәйкес желімделген конвертте Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Z05T1D8, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 үй, 0812-бөлме мекенжайы бойынша қабылданады.

Әлеуетті қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері ресми ұсынысты қолма-қол табыстаған кезде Қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері әлеуетті Қатысушының мүддесін білдіретін тұлғаға жеке басын куәландыратын құжатпен бірге ресми ұсынысты беруге құқық беру туралы сенімхатты ұсынуы тиіс.