• 13.06.2022

«PSA» ЖШС 2022-2024 жылдарға арналған жеке қаржы есептілігіне аудит жүргізу бойынша аудиторлық қызметтерді көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін жүргізу туралы хабарландыру

«PSA» ЖШС 2022-2024 жылдарға арналған жеке қаржы есептілігіне аудит жүргізу бойынша аудиторлық қызметтерді көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін жүргізу туралы хабарландыру

Тапсырыс беруші: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, 14-ТЕЖ мекенжайы бойынша орналасқан «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Электрондық адресі: info@psa.kz

«PSA» ЖШС 2022 жылғы 03 наурыздағы № 193 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының елу және одан көп проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес 2022-2024 жылдарға арналған жеке қаржы есептілігіне аудит жүргізу бойынша аудиторлық қызметтерді көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін жүргізетіні туралы хабарлайды.
Аудиторлық ұйымның көрсетілетін қызметтерін сатып алуға бөлінген сома ҚҚС ескермегенде 12 000 000 (он екі миллион) теңгені құрайды, оның ішінде:  
2022 жыл - ҚҚС ескермегенде 4 000 000 (төрт миллион) теңге;
2023 жыл - ҚҚС ескермегенде 4 000 000 (төрт миллион) теңге;
2024 жыл - ҚҚС ескермегенде 4 000 000 (төрт миллион) теңге.
Қызметтерді көрсету орны – Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі, саны, егжей-тегжейлі ерекшеліктері және қызметтерді көрсету мерзімі аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салуда (бұдан әрі - Қатысуға сұрау салу) көрсетілген. Әлеуетті қатысушылардың уәкілетті өкілдері Қатысуға сұрау салудың көшірмесін Құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, 14-ТЕЖ, 8-қабат, 812-бөлме мекенжайы бойынша ала алады, телефон номері 79-89-70.
Әлеуетті қатысушылардан қызметтерді көрсетуге ресми конкурстық ұсыныстар 2022 жылғы 14.06. бастап 2022 ж. 24.06. «18» сағат «00» минутқа дейін мерзімде және Қатысуға сұрау салуда көрсетілген талаптарға сәйкес желімделген конвертте 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, 14-ТЕЖ,  8-қабат, 812-бөлме мекенжайы бойынша қабылданады.  
Әлеуетті қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері ресми ұсынысты қолма-қол табыстаған кезде Қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері әлеуетті Қатысушының мүддесін білдіретін тұлғаға жеке басын куәландыратын құжатпен бірге ресми ұсынысты беруге құқық беру туралы сенімхатты ұсынуы тиіс.