• 26.09.2023

Күкірттегі Қазақстан Республикасының үлесін сатып алушыны белгілеу бойынша тендер өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «PSA» ЖШС Қашаған кен орнында өнідірілетін күкірттегі Қазақстан Республикасының үлесін алушы болып табылады.  Күкірт сатып алу-сату шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты «PSA» ЖШС күкірттегі Қазақстан Республикасының үлесін сатып алушыны белгілеу бойынша тендер өткізуді жоспарлап отыр.

Келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде сатуға жоспарланып отырған көлем – шамамен 55 мың тонна (түйіршіктелген күкірт). Кен орнында көмірсутектерді өндіру және күкірт шығару деңгейіне қарай көлемдер түзетілуі ықтимал.

Келісімшарттың қолданылу мерзімі – 2 жыл. Қолданылу мерзімі 2024 жылғы ақпанда басталады.

Сату шарттары: Халықаралық Сауда палатасының редакциясындағы «Инкотерс-2010» сәйкес EXW Қарабатан (өзбетімен тасымалдап әкету).

Ішкі бағытқа арналған күкірттің бағасы тендерге қатысушы ұсынған базистік баға ретінде белгіленеді.

Одан әрі Балтық теңізінің порттары (Усть-Луга порты) немесе Қара теңіз порттары (Кавказ, Новороссийск, Ильичевск порттары) арқылы сатуға арналған экспорттық бағыт үшін  баға мынадай баға формуласы бойынша айқындалады:

P = B – D – М + Х

Ондағы:
P – күкірттің мәміле (сату) бағасы;
B – тиеп-жөнелту күнінің алдындағы соңғы төрт аптада Argus FMB Күкірт ақпарат көзінде жарияланған, келісімшарттың талаптарына сәйкес қолданылатын, келісімшарт бойынша күкірттің 1 (бір) метрикалық тоннасы үшін CFR Орта теңіз/ CFR Солтүстік Африка/ CFR Бразилия белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні.
D – мынадай шығыстарды қамтитын дифференциал:
вагондарды (ашық вагондарды) жалдау;
жүкті теміржолмен тасымалдау құны, жүк тиелген вагондарды жүкпен жөнелту және бос вагондарды (ашық вагондарды) қабылдау, вагондарды (ашық вагондарды) тиеу және түсіру пункттеріне беру-әкету, жүк тиелген вагондарды (ашық вагондарды) кірме жолдарында тоқтап тұру-сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер;
кедендік ресімдеу;
теміржол бойынша экспедициялау;
вагондарды (ашық вагондарды) қадағалау;
пломбалау және жапсырма салу;
тиеу және (немесе) тиеп-жөнелту станцияларындағы маневрлік жұмыстар;
тиеу және (немесе) тиеп-жөнелту станцияларындағы станциялық жұмыстар;
вагондардың (ашық вагондардың) тоқтап тұруы;
күкіртті порттарда сақтау;
порттық алымдар;
жүк  сақтандыру;
жүк инспекциясы;
күкіртті ылғалдандыру;
конверттерді кәдеге жарату;
фрахт бойынша шығыстар;
порттарда ауыстырып тиеу;
рейдте тиеу (Қара теңіз порттары үшін);
М – сатып алушының маржасы (мәні «0»).
Х- баға формуласына сыйлықақы.

Бұл ретте баға формуласының теріс мәнге ие болуы мүмкін емес (формулаға сәйкес есептелген баға теріс мәнге ие болған жағдайда залал сатып алушының есебіне жатқызылады).
Әлеуетті сатып алушы қаржылық дербестікке және қазақстандық күкірт сатушылармен жұмыс тәжірибесіне ие болуы тиіс.
Осыны растау үшін әлеуетті сатып алушылар мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:
жарғының немесе құрылтай құжатының көшірмесін (болған жағдайда);
компанияны тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
алдыңғы қаржы жылы үшін аудиттелген қаржы есебінің көшірмесін немесе ресми көзге сілтемені (алдыңғы қаржы жылы үшін аудиттелген қаржы есебі қолданылатын заңнамада көзделген себептер бойынша болмаған жағдайда алдыңғы жылдың алдындағы жыл үшін есеп ұсынылуы мүмкін);
компанияда тиісті комерциялық тәжірибенің, мүмкіндіктер мен қызмет нәтижелерінің болуын растау (күкірт сатып алу-сату шартының көшірмелері немесе растау хат, немесе қазақстандық күкірт сатушылармен жұмыс тәжірибесін растайтын басқа да құжат);
компанияда күкіртті  Қазақстан Республикасының аумағында түпкілікті өңдеу мақсатында ішкі нарыққа сату мүмкіндігінің немесе Қазақстан Республикасының аумағында түпкілікті өңдеу мүмкіндігінің болуын растау (сатып алу-сату шартының көшірмелері немесе үзінді-көшірмелер, күкіртті Қазақстан Республикасының аумағында түпкілікті өнімге дейін өңдеуді жүзеге асыратын компаниямен (компаниялармен), компаниядан (компаниялардан)  ниет хаты немесе күкіртті  түпкілікті өнімге дейін өңдеу бойынша меншікті мүмкіндігін растайтын басқа да құжаттар) (ішкі бағытқа қолданылады).

Мүдделілік жағдайында  келесі кезеңге -  күкірт сатып алушыны таңдау бойынша тендер өткізуге жіберу үшін Астана уақыты бойынша 2023 жылғы 23 қазандағы сағат 09-00  дейін мерзімде ынтымақтастық туралы растауды жоғарыда көрсетілген құжаттармен бірге marketing@psa.kz  почта мекенжайына жіберуді сұраймыз.

           Біздің компаниямызтуралы қосымша ақпаратпен www.psa.kz сайтынан таныса аласыз.