1997 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы мен халықаралық консорциум арасында Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге (СКӨБК) қол қойылды. 1998 жылы алаңы 5 600 км<sup>2 </sup>учаскеде көмірсутектерді барлау басталды.
Батыс Қазақстан облысында орналасқан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны дүниежүзіндегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі болып табылады, бастапқы геологиялық қоры 1,7 млрд. тонна сұйық көмірсутектер мен 1,7 трлн. текше метр газды құрайды. Кен орны 1979 жылы ашылды, 1984 жылы кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру басталды.
«Доңға» жобасы Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан. Кен орнының геологиялық қоры 106 млн. тонна мұнай мен 6 млрд. текше метр газды құрайды. Кен орны 1966 жылы ашылды.